Добавить в ЖЖ
Главная » Файлы » Тегін рефераттар » Тегін рефераттар

В категории материалов: 12
Показано материалов: 9-12
Страницы: « 1 2 3

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Автор : hanafiya
Дата : 13.10.2012 | Категория : Тегін рефераттар

АДАСТЫРУШЫ ДІНИ АҒЫМДАР


Бүгінгі археология, антропология ғылымдары діни сенім-наным жолдары мен жүйелерінің тым ерте дәуірлерден бері адамзаттың даму, өркендеу және кемелдену барысымен біте қайнаса жалғасып келе жатқанын дәлелдейді. Кейбір биохимия және генетика саласы ғалымдары (Rebecca Cann, Mark Stoneking, Douglas Wallace) дүниежүзінің көптеген аймақтарындағы адам нәсілдерінің генетикалық ерекшеліктерін салыстыра отырып, бүгінгі адамзаттың түр-тұқиянында бір атадан тарағаны туралы қорытынды жасаған. АҚШ-тағы Станфорд университеті профессорларынан Луиги Лука Кавалли-Сфорза (Luigi Luca Cavalli-Sforza) және әріптестері 40 жыл бойы дүниежүзіндегі 5 мыңдай тілді зерттей келе, оларды ірілі-ұсақты 17 топқа бөліп, түп негізінде барлық тілдер бір көне тілден тараған деген тұжырымға келген. АҚШ Коломбия университетінен Ральф Солеки (Ralph Solecki) Солтүстік Ирақтағы Шанидар (Shanidar) үңгірінде 1957 жылы жүргізген қазба жұмыстарында табылған заттар осыдан 60 мың жыл бұрын өмір сүрген неандерталь адамдарының діни нанымының болғандығын дәлелдеген (көбірек мәлімет үшін мына еңбекті оқыңыз: Roger Lewin, The Origin of Modern Humans, W.H. Freeman and Co., New York, 1993).

Подробнее
Просмотров : 520 | Комментариев : 0
Автор : hanafiya
Дата : 13.10.2012 | Категория : Тегін рефераттар

АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ ЖӘНЕ АҚША ҚАРАЖАТТАР ҚОЗҒАЛЫСЫ

 

Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу                                          нысандары

     Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептеуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпке айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт,келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керке.

Подробнее
Просмотров : 595 | Комментариев : 0
Автор : hanafiya
Дата : 13.10.2012 | Категория : Тегін рефераттар

ХХ ҒАСЫРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ШИРЕГІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЭЛИТАСЫНЫҢ  ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ

 

Қоғамдағы болып жатқан терең өзгерістерге байланысты бізді қайтадан тарихқа үңіліп, сол уақыттан бүгінгі күннің мәселесінен шығу жолын іздеп және болашаққа сабақ алуға итермелейді. Либералдық-демократиялық идеялар қоғамдық-саяси өмірде елеулі орынға ие болып отыр. Осыған байланысты қазіргі таңда тарихтағы отандық либерализмге және парламентаризмге деген қызығушылық өте жоғары. Қазақ халқының демократия идеясының, либерализмнің айнасы ретінде Қазақстанда ұлттық саяси элитасын һәм зиялы қауымды танимыз. Бірақ тағдырдың қаталдығына байланысты бұл адамдар өз елінің азат болу және бақытты өмір сүру қалауы, тілегі немесе үміті үзіліп қалды. «Халық жауы» деп айыпталып 70 жылға тарих қойнауына кетті.

Еліміз алдымен егемендігін жариялап,одан кейін тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін бұрынғы идеялық шырмаулардан толықтай арылғаннан соң тарихымыздың «ақтандақ беттерін» қайтадан қарастыру мүмкіндігі туды. Бұл мәселені зерттеу біздің ойымызша өзіне белгілі бір жүелікті және жан-жақтылықты талап етеді.

Подробнее
Просмотров : 540 | Комментариев : 0
Автор : hanafiya
Дата : 13.10.2012 | Категория : Тегін рефераттар

Әлеуметтанудың пайда болуының алғашқы кезеңіХІХ ғасырдың 40- жылдары. 

Қандай да бір ғылым белгілі бір объективтік қажеттілікте, өмір сұранысына байланысты пайда болады. Өмір, тәжірибе қажеттілігі, сұранысы болмаса, ғылым пайда болмаған болар еді. Осыған орай әрбір ғылымның, тіпті теорияның өзіне тән шығу, пайда болу тарихы бар. Сондықтан әрбір ғылымның шығу, пайда болу тарихын білу қажет, өйткені бұларды білмейінше біздің нақтылы ғылым туралы біліміміз шектеулі, біржақты, үстірт болады.

 


Подробнее
Просмотров : 792 | Комментариев : 1
1-4 5-8 9-12

Барлығы отырған адам саны: 1
Қонақтар: 1
Пайдаланушылар: 0
Добро пожаловать Гость
Логин:
Пароль: